Live

Ақтөбе облысында мектептің үш бухгалтері 82 млн теңге жымқырған

Ақтөбе облысында мектептің үш бухгалтері 82 млн теңге жымқырған

Фото: из открытых источников

Ақтөбе облысында мектеп бюджетінен 82 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған үш бухгалтер сотталды.

Прокуратура қызметкерлері Шалқар қаласындағы №5 мектеп-лицейдің бюджет қаражатын жұмсау заңдылығына талдау жүргізу барысында қаржы жымқыру белгілерін анықтаған.

Тексеру нәтижесінде мектеп қызметкерлеріне жалақы төлеу деген желеумен артық ақша аударылып отырғаны белгілі болды.

Бұл үшін бас бухгалтер мен оның екі әріптесі мектеп директорының электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдаланған. Артық аударылған қаражатты мектеп қызметкерлері мен мұғалімдер қолма-қол ақшаға айналдырып, бухгалтерлерге беріп отырған.

Осылайша, 2021-2024 жылдар аралығында үш бухгалтер 82 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.

Аталған дерек бойынша Шалқар аудандық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс тіркеген.

Сот үкімімен бас бухгалтер сегіз жылға, ал оның екі әріптесі жеті жылдан бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сотталғандардың барлығына 10 жыл бойы бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Алайда кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты сот олардың жазасын өтеу мерзімін кейінге қалдырды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Сот