Қоғам

«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы кім екені белгілі болды

«Арселор Миттал Теміртаумен» келісім ресми түрде аяқталды. Барлық құжаттарға қол қойылды. Лакшми Митталдың акциялары ресми түрде Қазақстанның юрисдикциясына берілді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Үндістандық миллиардер Митталдың компаниядағы үлесі сатылды. Нақты қандай суммаға сатылғаны жөнінде Индустрия министрлігінен нақты ақпарат алдағы уақытта берілуі мүмкін. 

Лаврентьевтің мойнына қандай міндеттер жүктелді?

Біріншіден, ол зауыт пен кеніштерді жаңғыртуға 3 миллиард доллар инвестициялайды, оның 1,5 миллиард доллары алдын ала беріледі.

Екіншіден, ол АМТ қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік пакеттерге қатысты барлық міндеттемелерді орындауға міндеттеледі. 

Үшіншіден, Лаврентьев компанияның брендін өзгертуге міндеттелді, себебі Arcelor Mittal Kazakhstan деген атаудан арылу туралы шешім қабылданған болатын. Компанияға ескі атауы - "Қармет" атауы қайтарылуы мүмкін.

8 желтоқсан күні сағат 12:00-де Шарлапаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді, 

«Министр Шарлапаев бастаған қазақстандық келіссөзшілер тобы бүгін таңертең Лондоннан оралды және түсте баспасөз мәслихатын өткізеді», - делінген БАҚ хабарламасында.

Айта кетейік, 30 қарашада Индустрия және құрылыс министрлігі Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы келісімнің соңғы кезеңіне жақындап қалғанын хабарлаған болатын. Бұл шараның маңыздылығын ескере отырып, министрлік мәміле аяқталғаннан кейін дереу брифинг өткізуге уәде берді.

Сайт Әкімшілігі