Live

Әскери оқу-жаттығу кезіндегі сарбаздар өлімі: бұрынғы Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы ұсталды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бұрынғы Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, 1-санатты капитан Қанат Ниязбеков ұсталды. 

Министрліктің мәліметінше, Ниязбеков Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс аясында ұсталған. Оған қызметіне салғырт қарады деген күдік келтіріліп отыр.

Бұрынғы бас қолбасшы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, 24 қыркүйекте ауа райының күрт әрі кенеттен нашарлауынан Қазақстанның 17 әскери қызметшісін ашық теңізге ағызып әкеткен. Үшеуі аман қалып, 14 әскери қызметші қаза тапты. Оқиғаға байланысты командалық құрамның қылмыстық немқұрайлылығы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта бес адам қамауға алынған.

Сайт Әкімшілігі