Live

Астана әуежайын су басты

27 шілде күні кешке елордадағы халықаралық әуежайдың терминалында төтенше жағдай орын алды.

Фото: оқиға орнынан

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда судың қабырға арасынан қатты қысыммен еденге аққаны анық көрінеді.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сағат 19:36-да терминалдың бірінші қабатындағы нөсер суын ағызатын құбыр зақымданған. Ақауды жоюға 20 минут уақыт кеткен.

— Оқиға әуежайдың жұмысына әсер еткен жоқ. Рейстер кешіккен немесе тоқтатылған жағдайлар тіркелмеді, - деп атап өтті әуежай өкілдері.

Фото: әл.желі

Сондай-ақ, әуежайдың баспасөз қызметі ақау 12 минут ішінде жойылғанын, бұл жағдай әуе айлағының жұмысына әсер етпегенін мәлімдеді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Астана