Оқиғалар

Астанада балаларды Испаниядағы футбол турниріне апаруға уәде берген алаяқ сотталды

Астанада жас футболшыларды халықаралық турнирге апаруды сылтауратып, ата-аналардан ақша алған азаматқа қатысты сот үкімі шықты.

Фото: ашық дереккөзден

Сот мәліметінше, сотталған адам балаларды Испанияға апаратынын айтып, ата-аналарды сендірген. Ол турнирге қатысу жарнасы, әуе билеттері, виза рәсімдеу, балаларды алып жүру және спорттық киім сатып алу шығындарын төлеу үшін ақша жинаған. Алайда уәделерін орындамай, қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.

Алаяқтықтан тоғыз адам зардап шегіп, оларға келген жалпы шығын 24 млн теңгеден асты. Сот үкімімен айыпталушы 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген залал да одан өндірілді.

Қала прокуратурасы ата-аналарға шетелдегі спорттық жарыстарға балаларды жібермес бұрын ұйымдастырушылардың өкілеттігін тексеруді ескертті. Сондай-ақ турнирге ресми шақырудың, келісімшарттардың, әуе билеттері мен броньды растайтын құжаттардың бар-жоғына көз жеткізу қажет. 

Сайт Әкімшілігі