Live

Астанада бірнеше ай ішінде электросамокаттан 50 адам зардап шекті

Астана қаласында бірнеше ай ішінде электросамокаттардың қатысуымен 45 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 50 адам зардап шекті.

Фото: sxodim.com

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, қалада электросамокаттарды пайдалану қарқынды өсіп келеді. Қазіргі уақытта олардың жалпы саны 10 мыңнан асады, оның ішінде шамамен 8 мыңы белсенді қолданыста.

Осы көлік түрінің қатысуымен 45 жол апаты болып, салдарынан 50 адам жарақат алған. Қайтыс болғандар тіркелмеген.

Электросамокат жүргізушілері жиі жіберетін бұзушылықтар қатарында:

бір самокатқа екі адамның мінуі;

жаяу жүргіншілер өткелінен түспей өту;

кәмелетке толмағандардың самокат пайдалануы бар.

Сайт Әкімшілігі