Астанада бүгіннен жылу беру маусымы басталады
Астанада 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымы 2 қазанда басталады. Бұл туралы елорда әкімдігі қаулы қабылдады.
Қала тұрғындарының үйлеріне жылу жұма, 2 қазаннан бастап беріле бастайды.
"Астана-Теплотранзит" АҚ мәліметінше, жылу желілерін қысқы маусымға дайындау жұмыстары аяқталған.
Дайындық кезінде жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіліп, анықталған ақаулар жойылған. Сонымен қатар жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Жылу беру маусымы кезең-кезеңімен басталып, алдымен әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер жылу жүйесіне қосылады.