Live

Астанада екі жасөспірім қыз 13-қабаттан құлады деген ақпарат тарады

Астанада екі жасөспірім қыз 13-қабаттан құлады деген ақпарат тарады

Фото: gov.kz

Астананың сол жағалауындағы тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды. Әлеуметтік желілерде екі жасөспірім қыздың көпқабатты үйдің 13-қабатынан құлағаны туралы ақпарат тарады. Қалалық полиция департаменті осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Оқиға Әнет баба көшесінде болған

Әлеуметтік желі қолданушыларының мәліметінше, оқиға 9 қараша күні кешкі уақытта Әнет баба көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Threads желісінде екі жасөспірім қыздың 13-қабаттан құлағаны туралы жазбалар жарияланды. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар да желіде тарады. Кадрлардан тұрғын үйдің маңына бірнеше полиция көлігі мен жедел жәрдем бригадасы келгенін көруге болады.

Полиция қылмыстық іс қозғады

Астана қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.



Полиция оқиғаның нақты мән-жайын, зардап шеккендердің санын және олардың жасын жариялаған жоқ. Әлеуметтік желіде тараған екі жасөспірімнің қаза тапқаны туралы ақпарат та әзірге ресми түрде расталмады.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Астана