Live

Астанада кастетпен қаруланған жасөспірімдер балаларды аяусыз соққыға жыққан

Астанада бір топ жасөспірім кастетпен қаруланып, бес кәмелетке толмаған баланы аяусыз соққыға жыққан. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды.

Фото: скриншот

 Зардап шеккен балалардың ата-аналары дабыл қағып отыр. Бұл туралы Qumash телеграм арнасы жазды.

Соққыға жығылған балалардың ата-аналары құқық қорғау органдарына ресми түрде арыз түсірген. Балалардың алған жарақаттары мен дене зақымдары сот-медициналық сараптама арқылы тіркелген.

Оқиғаның ауырлығына қарамастан, зардап шеккендердің жақындары істің әділ аяқталуына алаңдайды. Олардың айтуынша, шабуыл жасағандар жастарына немесе ықпалды таныстарына байланысты нақты жазадан құтылып кетуі мүмкін.

Полиция не дейді?

Tengrinews.kz редакциясы елорда полиция департаментінен ресми түсініктеме сұрады. Ведомство өкілдері істің бақылауда екенін және оның жабулы күйде қалмайтынын мәлімдеді.

- Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысқан барлық тұлғалардың жеке басы анықталды, - деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша шабуылға қатысқан әрбір адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жасөспірім