Live

Астанада қызыл шамға жүгіріп шыққан жасөспірімді көлік қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы Е-128 көшесі мен Қорғалжын тасжолының қиылысында болған.

Фото: скриншот

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 13 жастағы жасөспірім бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолға жүгіріп шыққан. Сол сәтте оны Renault маркалы автокөлік қағып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші дер кезінде тежегішті басып үлгермеген. Оқиға салдарынан бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

 

Қазір полиция аталған факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Құқық қорғау органдары ата-аналарды балаларға жол қозғалысы ережелерін үнемі түсіндіріп отыруға шақырды. Сондай-ақ жолдың ойын ойнайтын орын емес екенін ескертті.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жол апаты