Астанада оқушылар арасындағы төбелес жұртты алаңдатты
Елордадағы №36 мектепте оқушылар арасында болған жанжал қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Желіде тараған видеода бірнеше жасөспірімнің бір оқушыны жерге құлатып, аяусыз ұрып-соққаны анық көрінеді.
Оқиғадан кейін мектептегі оқушылар өздерін қауіпсіз сезінбейтінін айта бастаған. Сонымен қатар мектеп директоры төбелес түсірілген видеоны өшіруді талап етіп, жағдайды жабуға тырысқан деген ақпарат тарады. Бұл ата-аналардың наразылығын күшейтті. Олар директорды қызметінен босатуды талап етті.
Білім басқармасы мектеп әкімшілігіне тәртіптік жаза ретінде сөгіс жариялағанын мәлімдеді. Ал оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылған.
Қазіргі таңда полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.