Live

Астанада Президент саябағында қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Астанада Президент саябағында қызға шабуыл жасап, оған жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған деген күдікпен 27 жастағы ер адам ұсталды.

Фото: из открытых источников

Ол полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға 29 шілде күні таңертең Бейбітшілік және келісім сарайының маңында болған. Белгісіз ер адам оған арт жағынан келіп, кеудесінен ұстап, денесінің әртүрлі жеріне қол тигізіп, қашып кетуіне мүмкіндік бермеген.

Қыз қатты айқайлай бастағаннан кейін күдікті оны жіберіп, Байтұрсынов көшесі бағытына қарай кетіп қалған. Жәбірленуші оны видеоға түсіріп үлгеріп, кейін полицияға арызданған.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның жеке басы қысқа уақытта анықталған. Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік материалдар рәсімделіп, іс соттың қарауына жолданған.

Жәбірленушінің анасы болған оқиғаны қызының жыныстық қол сұғылмаушылығына жасалған қол сұғушылық деп бағалады. Ал ұсталған адамның әрекетіне түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Астана