Live

Астанада трендтегі видеоны түсірген қыздар жауапқа тартылды

Елордада екі бойжеткен әлеуметтік желідегі трендке айналған видеоны түсіремін деп, жауапқа тартылды.

Видео-скрин

Олар әсерлі кадр жасау мақсатында шампан бөтелкесін ашып, сусынды қоғамдық орында шашқан.

Полиция мәліметінше, аталған әрекет ортақ пайдаланылатын орынды ластау ретінде бағаланып, екі азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда іс материалдары сот қарауына жіберілді.

Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті бұзатын мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертіп, заң бұзғандар міндетті түрде жауапқа тартылатынын атап өтті.

Сайт Әкімшілігі