Live

Астанада жүк көлігі, жеңіл көлік пен автобус соғысып, алты адам зардап шекті

Астанада жүк көлігі, жеңіл автокөлік және автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, алты адам зардап шекті.

Фото: ашық дереккөз

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Ақжол көшесінде болған.

«Mercedes» жүк көлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, өзімен бір бағытта келе жатқан «Changan» автокөлігімен соғысқан. Соққының әсерінен жеңіл көлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, «Iveco» автобусымен соғысқан.

Жол апаты салдарынан «Changan» көлігіндегі бес жолаушы мен автобустағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.

Дәрігерлер тексерісінен кейін зардап шеккендердің барлығы амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген.

Аталған дерек бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Астана