Live

Астанадағы Amanat партиясының ғимаратында «Әділет» жазуы пайда болды

Астанадағы Amanat партиясының орталық аппараты орналасқан ғимараттағы маңдайша өзгеріп, оның орнына «Әділет» атауы қойылды.

Фото: ашық дереккөз

 Осындай өзгерістер Қазақстанның өзге өңірлерінде де байқалып жатқаны хабарланды.

Айта кетейік, еліміздің партиялық тарихында мұндай жағдай бұрын да болған. 2006 жылы «Асар» партиясы «Отан» партиясына қосылып, соның негізінде «Нұр Отан» партиясы құрылған еді. Кейін бұл саяси ұйымның атауы Amanat болып өзгертілді.

Қазіргі өзгерістердің нақты себебі әзірге ресми түрде түсіндірілген жоқ. Алайда жаңа маңдайшалардың орнатылуы қоғамда түрлі болжамдар мен талқылауларға себеп болып отыр.

Сайт Әкімшілігі