Live

Атамекен палатасы Баталовтың қызметінен босатылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Кейбір дереккөздерде таратылып жатқан Р. Баталовтың «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы қызметінен босатылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Фото: ашық дереккөз

"Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы"  Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП Жарғысының 16.4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Төралқа Төрағасы тек Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезінің шешімімен ғана сайланады және қызметінен босатылады.

Осы мәселеге қатысты өзге де мәлімдемелер мен жарияланымдар шындыққа жанаспайтыны және құқықтық негізі жоқ екендігін атап өтеміз", - делінген хабарламада.

 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Баталов