Саясат

Атырау әкімі мен оның орынбасарының адвокаттары мәлімдеме жасады

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін мен оның орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ҰҚК департаментінде жауап алынғаны туралы ақпараттан кейін олардың адвокаттары ресми түсініктеме берді.

Фото: ашық дереккөз

«Слово защиты» адвокаттық кеңсесінің жетекшісі  Нұрлан Жолболовтың айтуынша, аталған тұлғалар құқық қорғау органдары өндірісіндегі қылмыстық іс аясында жауап берген.

«Қала әкімінің орынбасары да, әкімнің өзі де ұсталған жоқ. Қазіргі уақытта екеуі де қызмет орындарында жүр және жұмыстарын жалғастырып жатыр», – деді адвокат.

Ал адвокат Аслан Жолболов Мейіржан Мұқасовтың іс бойынша «қорғану құқығы бар куәгер» мәртебесінде екенін хабарлады. Оның сөзінше, Мұқасовпен қандай да бір процестік келісім жасалмаған.

Айта кетейік, Қазақстанның Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес, «қорғану құқығы бар куәгер» – құқық қорғау органдарында қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген дерек бар, алайда оны күдікті деп тануға әзірге жеткілікті дәлел жиналмаған тұлғаға берілетін процессуалдық мәртебе.

Сайт Әкімшілігі