Live

Атырау облысында бес жасар қыз суға батып кетті

Атырау облысының Тасқала ауылында бес жасар қыз суға батып көз жұмды.

Фото: ашық дереккөз

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, даму ерекшелігі бар бала үйінің маңындағы каналға түсіп кетіп, судан шыға алмаған.

Оқиға 23 маусым күні шамамен сағат 17:00-де болған.

Қайғылы жағдай туралы ақпаратты полиция растады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ал облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бұл оқиға бойынша өздеріне ешқандай хабарлама түспегенін мәлімдеді.

Сайт Әкімшілігі