Live

Атырау облысындағы келіні төсекке таңылған қарт енесін өлтірді

Атырау облысының Қызылқоға ауданында 82 жастағы әйел өз үйінде қаза тапты.

Фото: ашық дереккөз

Ол ұзақ уақыт бойы ауыр сырқаттанып, төсекке таңылып жатқан және тұрақты күтімді қажет еткен.

Тергеу деректеріне сәйкес, оқиға болған күні үйде зейнеткер мен оның 38 жастағы келіні ғана болған. Күдікті асүй пышағымен қарт әйелге шабуыл жасап, басы мен денесін кемінде төрт рет пышақтаған.

Жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Атырау