Live

Атырауда 1-сынып оқушысын көлік қағып, қаза тапты

Атыраудағы әл-Фараби атындағы Binom мектебінің маңында 1 сынып оқушысын көлік қағып кетті.

Фото: ашық дереккөз

Қыз бала алғашқы сабағына бара жатқан кезде жаяу жүргіншілер өткелінде минивэн қаққан. Оқушы оқиға орнында немесе жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Куәгерлердің айтуынша, апат басқа да ата-аналар мен оқушылардың көз алдында болған. Басқа зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.

Полиция оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр, сараптама тағайындалған.

Сайт Әкімшілігі