Live

Атырауда 800-ден астам киік қырылды

Атырау облысының Құрманғазы ауданында 800-ден астам киіктің өлексесі табылды.

Фото: ашық дереккөз

Жергілікті тұрғындар қырылудың себебі кенелер болуы мүмкін деп болжаған. Алайда мамандардың айтуынша, бұл – табиғи құбылыс. Қыстан әлсіреп шыққан киіктердің бір бөлігі көктемде шығынға ұшырайды.

Қазіргі таңда өлекселер залалсыздандырылып жатыр: олар өртеліп, жерге көмілді. Бұл жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу үшін қажет. Жұмысқа «Охотзоопром» мекемесі, «Ақжайық» қорығы және жергілікті әкімдік жұмылдырылған.

Мамандардың дерегінше, ауданда шамамен 15 мыңға жуық Қызыл кітапқа енген киік бар. Оның бір бөлігі бұған дейін Ресей аумағына қарай ауып кеткен.

Тұрғындар бұл жағдай малға кері әсер етуі мүмкін деп алаңдайды. 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: атырау киік