Live

Атыраудағы Ленин ескерткішіне қатысты дау туды

Атырау қаласында 1981 жылы Жилгородок шағын ауданындағы саябаққа орнатылған Владимир Ленин ескерткішінің тағдыры төңірегінде қызу пікірталас өрбіді.

Фото: ашық дереккөз

Атыраулықтардың пікірі екіге бөлінді. Бір топ тұрғындар тарихи құндылығы болмаса да, ескерткіш – өткеннің белгісі әрі қала тарихының бір бөлшегі болғандықтан, оны сақтап қалу керек дейді. Ал екінші тарап Ленин ескерткіші қазіргі Қазақстанда болмауы тиіс, өйткені ол - тоталитарлық режимнің және қысымның символы.

Айта кетейік, 2009 жылы Мәдениет министрлігінің арнайы комиссиясы Ленин ескерткішін тарихи-мәдени нысандар тізімінен алып тастау туралы шешім қабылдаған еді.

Атыраудағы Ленин ескерткішінің болашағына қатысты әзірге нақты шешім қабылданбаған.

Сайт Әкімшілігі