Live

Атырауда лифт құлап, төрт адам зардап шекті

5 қазан күні таңертең Атыраудағы Б. Құлманов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде жолаушылар лифті құлап, төрт адам зардап шекті. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазды.

Фото Ақжайық басылымы

Тұрғындардыңайтуынша, оқиға шамамен сағат 10:05–те болған. Ішінде төрт ересек адам отырған лифт үшінші қабат деңгейінен құлаған. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

Зардап шеккендерді медицина қызметкерлері тексерген. Куәгерлердің алдын ала мәліметінше, үш адам Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. Тағы бір адам ауруханаға жатудан және медициналық көмектен бас тартқан.

Қолда бар ақпарат бойынша, зардап шеккендердің ешқайсысы ауыр жарақат алмаған.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Атырау