Live

Атырауда Sulpak дүкенінің қазандығы жарылып, бір адам ауыр жарақат алды

Атырауда Sulpak тұрмыстық техника дүкенінің қазандығында жарылыс болып, бір адам ауыр жарақат алды.

Фото ашық дереккөз

Жарылыс толқынынан көрші тұрғын үйдің терезелері сынып, екі автокөлік зақымданған.

Оқиға 29 қазанда сағат 09:30 шамасында Авангард шағынауданының екінші бөлігінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, дүкен ғимаратына жапсарлас салынған қазандықта газ-ауа қоспасы жарылған.

Жарылыс салдарынан жақын маңдағы тұрғын үйдің терезелері қирап, екі автокөлікке зақым келген.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен адам сағат 10:03-те облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген.

Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиға куәгерлерінің бірі жарылысқа газ баллоны себеп болуы мүмкін екенін айтқан. Алайда бұл болжам әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз.

 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Атырау