Live

Өскеменде жанжал кезінде полиция қызметкері қаза тапты

Өскемендегі ойын-сауық орындарының бірінде болған жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды.

Фото: полиция

Демалыс орнында келушінің тәртібіне ескерту жасаған 40 жастағы ер адам соққыдан көз жұмды. Марқұм полиция қызметкері болған.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 4 қазанға қараған түні болған. Қызметтен тыс уақытта жүрген полиция қызметкері мекемедегі келушілердің біріне өзін дұрыс ұстамағаны үшін ескерту жасаған. Алайда сөзге келіспеушілік туындап, күдікті оған дене жарақатын салған.

Алған жарақаттарының салдарынан 40 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды. Жанжал кезінде тағы бір келуші де зардап шеккен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полиция істің өзге мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтынын хабарлады.

Сайт Әкімшілігі