Live

"Жас Алаштың" 105 жылдығы: Бас редактор Ғани Мұратбаев музейіне барды

"Жас Алаштың" 105 жылдығы: Бас редактор Ғани Мұратбаев музейіне барды

Фото Ғани мұратбаев музейі

"Жас Алаш" республикалық қоғамдық-саяси газетінің 105 жылдық мерейтойына орай басылымның директор-бас редакторы Ерік РАХЫМ Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музей кешеніне арнайы барды.

Алаш қайраткері Ғани Мұратбаев – "Жас Алаш" газетінің негізін қалаушы. Ол небәрі 19 жасында, 1921 жылы Ташкент қаласында қазақ жастарына арналған басылымның алғашқы санын жарыққа шығарды. Содан бері "Жас Алаш" қазақ қоғамының тыныс-тіршілігін жазып, ел тарихымен бірге жасасып келеді.

Сапар барысында газет тарихына қатысты құнды фотосуреттер мен кітаптар музей қорына сыйға тартылды. Олардың қатарында бұған дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылған көрмеге қойылған тарихи фотоматериалдар да бар.

Фото Ғани Мұратбаев музейі/Роза Асанова мен Ерік Рахым

Музей директоры Роза Асанова Ерік Рахымды музей экспозицияларымен таныстырып, Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметіне қатысты тарихи жәдігерлерді көрсетті. Сондай-ақ музей қорын құнды материалдармен толықтырғаны үшін алғысын білдірді.

Фото Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейі/1

Музейде "Жас Алаш" газетінің алғашқы санына қатысты тарихи фотодеректің сақталғаны ерекше назар аудартты.

Кездесу барысында басылымның тарихи мұрасын зерттеу, архив материалдарын іздестіру және "Жас Алаштың" ғасырдан астам тарихын цифрландыру мәселелері де сөз болды.

 

 

Сайт Әкімшілігі