Айдын Рахымбаев топ-менеджерлеріне 750,8 млн теңге төледі
Айдын Рахымбаевқа тиесілі BI Development Ltd. компаниясы 2025 жылдың қорытындысы бойынша басқарма мүшелеріне жалпы 750,8 млн теңге сыйақы төлеген.
Бұл сомаға басқарма мүшелерінің жалақысы, сыйақылары және басқа да ынталандыру төлемдері кіреді.
Салыстырмалы түрде, 2024 жылы бұл көрсеткіш 228,5 млн теңге болған. Осылайша, бір жыл ішінде топ-менеджерлерге төленген сыйақы көлемі үш еседен астам артқан.
Компанияның қаржылық көрсеткіштері де айтарлықтай өскен. 2025 жылы BI Development Ltd.-тің түсімі 1,1 трлн теңгеге жетсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 582,5 млрд теңге болған. Ал таза пайдасы 75,9 млрд теңгеден 122,6 млрд теңгеге дейін өскен.