Руханият

Әз Жәнібек сұлтанға арнап XIV ғасырда жазылған қолжазба табылды

1334 жылы Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған 96 беттік қолжазба табылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Фото: gov.kz

Қолжазбада Әз Жәнібек ханның түпатасы Шыңғыс ханнан өз әкесі Өзбек ханға дейінгі ататегі қысқаша алтын нақышпен беріліп, негізгі мәтінде хикметтер туралы баяндалған.

Қолжазбаның ішкі мұқабасында Осман сұлтаны ІІ Баязидтің (1447-1512) мөрі қойылған.

Аталған тарихи мұраны Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері, қазақ ғалымы Өмірбек Қанай анықтады, делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аса құнды қолжазбаның көшірмесі Қазақстанға жеткізіліп, әрі қарай зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Nazym Sapar