спорт

Азия ойындары: 3 қазақстандық финалға шықты

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық үш спортшы финалда өнер көрсетеді. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

1000 метр қашықтыққа байдаркада есуден өнер көрсеткен Кирилл Тубаев іріктеу кезеңінде 2-орын алып, финалға жолдама алды.

500 метр қашықтыққа қос байдаркадан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева 1:49.240 уақытпен 1-орын алып, финалға шықты.

Ақтық кезеңге сондай-ақ Игорь Ряшенцев пен Андрей Ергучев өтті. Олар 500 метр қашықтыққа қос байдаркадан ерлер арасындағы іріктеу кезеңінде 1:38.338 уақытты көрсетіп 2-орын алды.

Ал 1000 метр қашықтыққа каноэда есуден Тимофей Емельянов 4:10.107 уақыт көрсеткішімен 4-орынға ие болып, 1/2 финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Т. РАУШАНҰЛЫ