спорт

Азия ойындары: Қазақстан үшінші алтын медалін жеңіп алды

Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко - Азиада чемпионы

Фото: из открытых источников

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы үшінші алтын медалін жеңіп алды.

Біздің спортшылар стенд атудың скит бағдарламасының аралас жұптық сынында бірінші орын алды. Бұл сында еліміз атынан Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко өнер көрсетті.

Финалда олар Кувейт құрамасын 40-35 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Азия ойындары Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

Жангүл Есениязова
Тегтер: азияда