Бағдат Мусин Арсен Томскийге үйлену тойына ерекше сыйлық жасады
inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский үйлену тойына алған тосын сыйы туралы айтып берді.
Кәсіпкердің мәлімдеуінше, "Қазақтелеком" басшысы, Халық кеңесінің мүшесі Бағдат Мусин оған жеті жастағы асыл тұқымды «Барбарис» есімді сәйгүлік сыйлаған.
Томский бұл сыйлықты Threads желісіндегі парақшасында жариялады. Оның сөзінше, Қазақстанда үйлену тойына сыйлық ретінде ат тарту дәстүрі бар.
«Әдетте үйлену тойында конверт сыйлайды. Ал Қазақстанда ат береді!» – деп жазды кәсіпкер.
Ол бұған дейін бірнеше жылдан бері жеке көлік ұстамайтынын да атап өтті. Күнделікті жүріп-тұру үшін inDrive қызметін немесе жалға алынған көліктерді пайдаланған.
«Енді жеке көлігім бар. Тарифі – сәбіз бен алма», – деп әзілдеді Томский.
Айта кетейік, тамыз айында Арсен Томский қазақстандық Камила Лукпановаға үйленген.