Live

Балида қазақстандық әйел есірткімен ұсталды

Индонезияның Бали аралында 25 жастағы Қазақстан азаматы есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталды.

Фото: ашық дереккөз

Оның чемоданынан салмағы 1,079 келі болатын гашиш табылған.

BNNP Bali мәліметінше, әйел 4 тамызда Бангкоктан Денпасарға ұшып келген. Тексеру кезінде есірткі әйелдер киімі мен аксессуарлары салынған чемодандағы қара түсті пластик контейнерден табылған.

Күдікті чемоданды Қазақстаннан келген басқа әйел бергенін айтқан. Оның айтуынша, Балиға барған соң жүкті бейтаныс адамға тапсыруы керек болған.

Тергеу барысында күдікті көрсеткен әйелдің Индонезиядан 2020 жылы шығып кеткені анықталған. Қазір есірткі тасымалына қатысы болуы мүмкін өзге адамдар да тексеріліп жатыр.

Қазақстандық әйел Индонезияның 2009 жылғы №35 «Есірткі заттары туралы» заңының 111-бабы бойынша күдікке ілінген. Бұл бап бойынша 4 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Бали