Live

Бангладеште қонақүй өртеніп, туристер қаза тапты

Бұл туралы жергілікті The Daily Star газеті өрт сөндіру және азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Фото: әлеуметтік желіден

Бангладештің оңтүстігіндегі қонақүйлердің бірінде өрт шығып, кемінде 10 турист қаза тапты.

Басылымның мәліметінше, ағаштан салынған үш қабатты қонақүй түгелдей отқа оранып, ғимарат толығымен жанып кеткен. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Қайғылы оқиға Укхия қаласындағы Инани жағажайының Патуартек ауданында орналасқан Tuptup Resto & Resort қонақүйінде болған. Құтқарушылар өрттен кейін ғимарат ішінен 10 адамның мәйітін тапқан. Қаза болғандардың барлығы туристер болған.

Тағы төрт адам зардап шеккен. Олар Кокс-Базар қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілген.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Бангладеш өрт