Саясат

Бас прокуратура болуы мүмкін митингіге қатысты мәлімдеме жасады

Ертең митингігешығуға болмайды. Шеру, пикет, демонстрация өткізу үшін 10 күн бұрын жергіліктіорганға өтініш жасалуы тиіс.

Jasalash.kz

 Бүгін Қазақстанныңбас прокуратурасы осындай мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды «ЖасАЛАШ»тілшісі.  

«Бас прокуратураныңтүсіндіруіне және әкімшілік ықпал ету шараларына қарамастан, жекелеген адамдар,соның ішінде шетелден әлеуметтік желілер арқылы халықты алдағы мерекелердезаңсыз митингілерге қатысуға шақыруды жалғастыруда.

Бұладамдар «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңның (бұдан әрі — заң) талаптарынайқын бұзуда.Атап айтқанда,жоспарланған митинг туралы хабарланғанға дейін ұйымдастырушылар белгіленгенкүнге дейін 10 күн бұрын жергіліктіатқарушы органдарға жазбаша өтініш бермеген. Онда олар: іс-шараның мақсаты,нысаны, өткізілу орнын немесе қозғалыс бағыттарын, оның басталу және аяқталууақытын, қатысушылардың болжамды санын, ұйымдастырушылардың және қоғамдықтәртіпті сақтауға жауапты адамдардың сауалнамалық деректерін көрсетілуі тиісболатын. Бұл міндетті талаптар акция қатысушыларының өздерінің, сондай-ақ басқада азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана бағытталған.Соныменқатар, рұқсат алғанға дейін ұйымдастырушы мен басқа да тұлғалардың митингтуралы жариялауға, оған қатысуға шақыруға, сондай-ақ осы мақсаттапарақшалар, плакаттар және басқа да осындай материалдарды дайындауға жәнетаратуға құқығы жоқ екеніне назар аударамыз.Басқаша айтқанда, 16 желтоқсандазаңсыз акцияларды ұйымдастырушылардың іс-әрекеттерінде әкімшілік құқықбұзушылық белгілері байқалады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің488-бабы – бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнаманыбұзу).

Егер бұл әрекеттеразаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңдымүдделеріне елеулі зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылық туындайды(қылмыстық кодекстің 400-бабы – санкцияланбаған акцияны ұйымдастыру не оғанқатысу, егер олар елеулі залал келтірсе). Әкімшілік және қылмыстық-құқықтықшаралар осындай акцияларды қолдайтын адамдарға қатысты да бірдей дәрежедеқолданылатын болады. Осыған байланысты, Бас прокуратура арандатушылықжасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілергеқатысудан бас тартуға шақырады», — деп хабарлама таратты бас прокуратура.

Бұғандейін әлеуметтік желіде қуғындағы оппозициялық саясаткер, Қазақстандаэкстремистік ұйым деп танылған ҚДТ-ның басшысы Мұхтар ӘБЛЯЗОВ 16 желтоқсан күніқазақстандықтарды митингіге шығуға шақырған. Ал 12 желтоқсан күні «Желтоқсанрухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Халық қаһарманы Қайрат РЫСҚҰЛБЕКОВТЫҢінісі Талғат РЫСҚҰЛБЕКОВ басқа да қоғамдық ұйым жетекшілерімен баспасөз мәслихатынөткізіп, халықты 16-17 желтоқсан күні шеруге шықпауға шақырды. ТалғатРысқұлбеков тіпті «алаңға шыққандардың аяғын сындырамын» деп мәлімлеме жасағанеді.

Фото ғаламторданалынды.   

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега