Live

Батыс Қазақстанда дәрігерге қоқан-лоқы көрсеткен ер адамға қылмыстық іс қозғалды

Оқиға Орал қаласында 10-нан 11 қаңтарға қараған түні болды. Түнгі қабылдау бөліміне жеткізілген науқас дәрігерге қоқан-лоқы көрсетіп, тіпті жағасынан ұстап алған.

Фото: Jas Alash

Жедел әрекет еткен полиция ер адамды бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды.

Еске салайық, дәрігерлерге сөз келтіру, ұру, қоқан-лоқы көрсету секілді қылмыстарға осы жылы жаза қатаңдатылды. 

Сайт Әкімшілігі