Белгісіз ұшақ Ресей аумағын кесіп өтіп, Қазақстанға қонды
Кайман аралдарында тіркелген Airbus A319-115(CJ) бизнес-джеті 30 қыркүйек кешке Астанаға келіп қонды.
VP-CYW тіркеу нөмірі бар ұшақ Flightradar24 дерегіне сәйкес, бұл борт Airbus A319-115(CJ) үлгісіне жатады және оны Business Aviation Asia компаниясы пайдаланады.
Бұған дейін ресейлік ПРАЙМ агенттігі РИА Новости зерттеген ұшу деректеріне сүйеніп, ұшақтың Париждегі Ле-Бурже әуежайынан Мәскеу уақытымен сағат 13:58-де ұшып шыққанын хабарлаған.
Одан кейін ұшақ солтүстік-шығысқа бағыт алып, Латвия жағынан Ресейдің әуе кеңістігіне кірген. Мәскеудің солтүстігін айналып өтіп, шығысқа қарай ұшуын жалғастырған.
Ұшу деректеріне сәйкес, ұшақ Мәскеу уақытымен шамамен 20:20-да Астанаға қонған.
Airbus A319-115(CJ) — A319 ұшағының іскерлік және VIP тасымалдарға арналған корпоративтік нұсқасы.