Белсенді әрі блогер Мирболат Мырзатайұлы екі айға қамауға алынды
Белсенді әрі блогер Мирболат Мырзатайұлы екі айға қамауға алынды.
Бұл ақпаратты «Аzattyq» таратты. Сот шешімі бойынша, оған Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр.
“Мирболат Бишуинов ауыр санаттағы қылмыс жасағаны үшін күдікке ілінді. Аталған күдігі негізді, қылмыстық іс-құжаттарымен расталады. Сот күдіктінің кінәсі туралы және дәлелдемелерді бағалау туралы мәселелерді талқыламастан оқиға орын алған қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері бар екенін анықтады”, - делінген сот қаулысында.
Айта кетейік, аталған бап әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыруға қатысты.