спорт

Бибарыс Әшірбай бокстан жасөспірімдер Олимпиадасында ширек финалға шықты

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокс бәсекелері басталды.

Фото: ҰОК

7 қарашада Қазақстан құрамасынан Бибарыс Әшірбай шаршы алаңға шықты.

Отандасымыз 70 келі салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде Ливия өкілі Мохамед Джихадпен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының ¼ финалына шықты.

Сайт Әкімшілігі