Бибісара Асаубаева азаматтығын өзгертеді деген ақпарат расталмады
Вице-министр Серік Жарасбаев шахматшы Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыруы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, мұндай мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ.
«Бұл мәселені кім көтергенін және не үшін талқыланып жатқанын білмеймін. Бибісара – еліміздің патриоты», - деді ол.
Вице-министрдің сөзінше, спортшы бұған дейін көтерген барлық қаржылық мәселелер шешімін тапқан. Сонымен қатар ол Бибісара Асаубаеваны Қазақстан тарихында шахматтан әлем чемпионатында қатарынан үш алтын медаль жеңіп алған тұңғыш спортшы ретінде атап өтті.
Сондай-ақ жақын уақытта шахматшының Астанаға келіп, мемлекет басшысының қолынан мемлекеттік награда алуы күтіліп отыр