Бишімбаевтың ісін тергеген прокурор «Әділет» партиясының атынан Құрылтайға депутаттыққа ұсынылды
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.
Бүгін «Әділет» партиясының съезінде кандидаттар тізімі жарияланды.
Партия жариялаған кандидаттар тізімінде Айжан Аймағанованың есімі де аталады. Жалпы тізімде 186 адам бар.
Айжан Аймағанова 2024 жылы Қуандық Бишімбаевқа қатысты қоғамда үлкен резонанс тудырған сот процесінде мемлекеттік айыптаушы ретінде танылған болатын.