Live

Блогер Азамат Омаров екі айға қамауға алынды

«Ахуал» YouTube арнасының авторы Азамат Омаров екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

Оның айтуынша, сот 18 шілде күні блогерге қатысты екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Азамат Омаровқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру») бойынша айып тағылып отыр.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Істің өзге мән-жайлары мен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижелері туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

 

Сайт Әкімшілігі