Live

Бразилияда екі тікұшақ соғысып, алты адам қаза тапты

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында екі тікұшақтың әуеде соғысуы салдарынан алты адам қаза тапты.

Фото: AP/TASS/ Bruna Prado

 Құрбандардың арасында америкалық әнші Оливер Три болуы мүмкін екені хабарланды. Алайда билік әзірге қаза тапқандардың жеке басын ресми түрде толық растаған жоқ. 

Оқиға 14 маусым күні Рио-де-Жанейроның Рекрейо-дус-Бандейрантес ауданында болған. Жергілікті құтқару қызметтерінің мәліметінше, екі тікұшақ әуеде соғысып, кейін жерге құлаған.

Тікұшақтардың бірінде бес жолаушы, екіншісінде бір ұшқыш болған. Апат салдарынан борттағы барлық адам көз жұмған. 

Полиция деректеріне сәйкес, Оливер Тридің есімі авиация органдарына тапсырылған жолаушылар тізімінде болған. Алайда мәйіттердің қатты күйіп кетуіне байланысты олардың кім екені әлі толық анықталмаған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар арасында аргентиналық YouTube-блогер Гаспар Прим Диа, аргентиналық режиссер Лукас Виньяле және бразилиялық продюсер Лукас Бриту Шавес те бар. 

Апаттан кейін тікұшақтардың бірі электромобильдер сататын автосалонның тұрағына құлаған. Соның салдарынан өрт шығып, шамамен 20 автокөлік жанып кеткен. 

Қазіргі уақытта апаттың себептері тексеріліп жатыр. Тергеушілер техникалық ақау, адам факторы немесе ұшу қозғалысын үйлестірудегі қателік нұсқаларын қарастыруда. 

32 жастағы Оливер Три соңғы жылдары әлемге танымал әншілердің біріне айналды. Ол «Life Goes On», «Miss You» және «Alien Boy» әндері арқылы кеңінен танылды. Оның Spotify платформасындағы ай сайынғы тыңдармандары 11 миллионнан асқан. 

Сайт Әкімшілігі