Live

Бірнеше жұмыс істейтін азаматтар декларация тапсырады

Бірнеше жерде жұмыс істеп, ай сайын жалпы табысы 3 миллион теңге немесе жыл сайынғы еңбекақысы 36 миллион теңгеден асатын қазақстандықтар прогрессивті шкала бойынша жеке табыс салығын төлейді.

Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік кірістер комитетінің төраға орынбасары Жәнібек Нұржанов жылдық табысы 36 миллион теңгеден асатын қазақстандықтардың осы сомадан 15% жеке табыс салығын төлеуге міндетті екенін айтты.

“Қазір бізде жеке табыс салығы 10% деңгейінде біркелкі ставкамен жүргізіледі. Келесі жылдан бастап ол 15%-ға жетеді. Жылдық табысы 36 миллион теңгеге жеткен кезде жеке тұлға 15% ставкасына өтеді. Егер қазақстандықтың бірнеше табыс көзі болса, ол жауапкершілікті өз мойнына алады. Табысы 36 миллион теңге шегінен асса, салық декларациясын тапсыруы тиіс. 36 миллион теңгеге дейінгі табыстан 10% ұсталады, ал 36 миллион теңгеден асатын сомадан қосымша 5% төлеуі қажет”, – деді Жәнібек Нұржанов.

2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі бойынша жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізіледі:

  • 10% – табыс 8 500 АЕК-ке дейінгі сомаға (2026 жылға 1 АЕК – 4 325 теңге, 8 500 АЕК – 36 762 500 теңге);

  • 15% – 8 500 АЕК-тен асатын табысқа.

Жәнібек Нұржановтың айтуынша, бұл айына 3 миллион теңге табыс табатындарға қатысты. Жалақысы жоғары адамдар үшін салық ставкасы сәйкесінше өседі.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: табыс