Live

«Біз ешкімді алдамадық»: Блогер Жанабыловтардың соты өтіп жатыр

Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі жалғасуда.

Сот отырысында Ерболат Жанабылов өз ұстанымын білдірді. Оның айтуынша, отбасы ешкімнің жолын кесіп өткен жоқ және әлеуметтік желідегі парақшалары олардың өмір салтын ашық көрсетеді.

«Біз өз күнімізді өзіміз көріп жүрген қарапайым отбасымыз. Instagram-дағы парақшаларымызды қарап көрсеңіздер болады. Үш бала тәрбиелеп отырмын, олардың тәрбиесі жақсы. Видеода бәрі әзіл сияқты көрінгенімен, шын мәнінде балаларымыз дұрыс тәрбиеленіп жатыр», – деді ол.

Айта кетейік, блогерлерге Қылмыстық кодекстің 214 және 218-баптары бойынша айып тағылған. Бұған дейінгі сот отырыстарында Дархан Жолшыбеков пен Нұрбек Нұртаза куәлік беріп, әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын ұйымдастырғанын және электронды коммерция бойынша курстар сатқанын айтқан.

Қазір сот процесі жалғасып жатыр.

Сайт Әкімшілігі