Live

Дариға Назарбаева туған күн кешінде көзге түсті

Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Гүлмира Кенжеболатованың туған күнінде халық назарына ілікті.

Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы әнші Толқын Забирова парақшасында бөлісті.

«Осы кеште Дариға Нұрсұлтанқызымен де кездесудің сәті түсті. Диссертация қорғаған жылдары Бірінші Президент қорының бізге, ғылымға ұмтылған жастарға көрсеткен қолдауы ерекше еді. Монографияларымызды шығаруға мүмкіндік берді. Сол қолдаудың маңызы біз үшін өте зор болды. Сол үшін рахметімді айтып, алғысымды білдірдім», – деп жазды Забирова.

Сайт Әкімшілігі