спорт

Дастан Сәтпаев дебюттік матчында-ақ «Челси» сапында гол соқты

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубының негізгі құрамындағы алғашқы матчында гол соқты.

Фото: скриншот

Қазақстандық футболшы Австралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» командасының қақпасын кездесудің 6-минутында дәл көздеді.

Жолдастық кездесу Сидней қаласында өтіп жатыр және «Челсидің» Австралия мен Азиядағы маусым алдындағы турнесін бастап берді. Кейін лондондық клуб Сиднейде «Тоттенхэммен» де жолдастық матч өткізеді.

Бұл ойын испаниялық маман Хаби Алонсоның «Челсидің» бас бапкері ретіндегі алғашқы кездесуі болды. Сондай-ақ Дастан Сәтпаев испан бапкері таңдаған клубтың алғашқы негізгі құрамына енді.

2025/2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Челси» Англия Премьер-лигасында 38 турда 52 ұпай жинап, 10-орынға тұрақтаған еді.

Ал «Вестерн Сидней Уондерерс» өткен маусымды Австралияның А-Лигасында 12-команда арасынан соңғы орында аяқтады.

Сайт Әкімшілігі