Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында чемпион атанды.
19 қазанда пара пауэрлифтингтен өткен жарыста 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дегтярев 190 келіні көтеріп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының тағы екі спортшысы жүлдеге ие болған еді. Еркін Ғаббасов пара нысана көздеуден алтын медаль жеңіп алса, Тұрсынай Қабыл пара пауэрлифтингтен 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 104 келіні көтеріп, күміс жүлдегер атанды.
Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын және бір күміс медаль бар.