Live

Экс-минстрдің қызы ғарышқа ұшатын алғашқы қазақстандық турист болмақ

АҚШ миллиардері Джефф Безостың жеке компаниясы Blue Origin келесі NS-36 миссиясының экипажын таныстырды. Оның құрамында депутат Қарағұсованың қызы Дана Карағұсова да бар. Ол еліміздің тарихында ғарышқа турист ретінде ұшатын алғашқы азамат болмақ.

Фото: ашық дереккөз

Экипаж құрамында Қарағұсовадан бөлек Джефф Элгин,  доктор Клинт Келли III, Аарон Ньюман, Виталий Островский және аты-жөні жарияланбаған алтыншы жолаушы бар. Бұған дейін Келли NS-22 миссиясына қатысқан.

Қарагұсова әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Адамзаттың болашағы ғарышпен байланысты. Бұл миссия – көпжылдық арманымның жалғасы әрі зерттеу жобамның бір бөлігі», – деп жазды.

Ғарышқа апаратын сапардың құны 500 мың доллар. Сондықтан қоғамда «қарапайым халыққа қолжетімсіз, бұл – тағы бір мәртебелі отбасының артықшылығы» деген пікірлер айтылып жатыр. Әлеуметтік желілерде оны «депутаттың қызы ғарышқа аттанбақ» деп сынап жатқандар бар.

Айта кетейік, Origin – 2000 жылы Джефф Безос негізін қалаған компания. Негізгі мақсаты – ғарышты коммерциялық мақсатта игеру.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Қарағұсова