Руханият

Дін үстемдік құрғанда қоғамды түнек басады

Ендігі үміт – құдайға сеніп, алыстағы сағымға телміруғанаДін – адамның табиғи құлшылыққа бойсұнуының кең ауқымды көрінісі.

Jasalash.kz

Мартин Эмис

Діндер, бәрі бірдей ебдейсіз: моралі балаларды

шатастыруға лайықталған, уәделері

эгоистік және өрескел ессіздіктің өндірімі.

Ги деМопассан

11 жыл мектепте оқып, екі ауыз сөздің басын құрастырып, қарапайым ақпардыжеткізе алмайтын, білімнен де, әрекеттен де мақұрым қалған ауыл жастарыныңендігі үміті – құдайға сеніп, алыстағы сағымға телміру ғана. Мұғалімдері солайоқытқандай, олар «түбінде құдайдың әйтеуір бірдеңе бере салатынына» сенеді. Олардыңөмірлік арманы, мақсаты, идеалы дегендерінің бәрі тек күту тұжырымдамасыменалмастырылған. Білімнен іргесін аулақ салып, тек діннен опа іздегендердіңкейбір фанатик деңгейге жеткендері шет елдердегі лаңкестік ұйымдарға қосылуда.Кейбір баспасөз мәліметтері бойынша, қазақ жастарының жарты мыңнан астамыСирияда соғыста жүр.

Қарапайым бұқара дінге бетбұрысты имандылыққа, ізгілікке бет бұру дептүсінеді. Рас, діннің адамгершілік-моральдық догмалары бір тыңдаған адамды ізгібастауларға бастайтын сияқты. Алайда, адамзат тарихы діни жолға түскенқоғамдардың прогресін айғақтамайды. Керісінше, дін үстемдік құрғанда қоғамдытүнек басатынын, ғылым жолына түскен кезден әлеуметтік прогрес басталатынынайғақтайтын мысалдар толып жатыр.

Тарихи анықтама:

Христиандіні пайда болып, күшіне енгеннен бастап Еуропаны қараңғылық басты. Ватиканүстемдік құрып тұрғанда еуропалықтар антик дәуірінің ғажап философиясын,білімін, ғылымын ұмытты. Шіркеу білімді адамды қудалады, ғалымдарды отқа өртеді.Ақыры бір жарым мың жылдан кейін, XVI ғасырда протестанттық қозғалыстардыңнәтижесінде христиан шіркеуіне реформа жасалған соң ғана еуропалық қоғамдардамудың прогресшіл жолына түсті. Адамдардың санасы оянды, ғылыми білімдерге,мәдениетке жол ашылды. Соның арқасында, соңғы бес жүз жыл ішінде Батысқоғамдары адамзат өркентетінің көшін бастап келе жатыр.

Ал исламдіні бүкіл Шығысты Батыстың алдында мүшкіл жағдайға түсірді. Ғылым ментехникадан адыра қалған, жағрапия мен зеңбірек дегендердің не екенін білгісікелмеген араб және түркі елдері жаппай отарлықтың зардабын шекті. Исламортодокиясының кесірлі тұжырымдарын ессіз қабылдаған мұсылман атаулы көттерінкөтере тоңқаңдап, намазын оқып болған соң, шелпегін жеп, бет сипағанан басқаештеңе бітірмеді.

«Адам – алланың құлы, оның тағдырын алла алдын ала белгілеп тастаған», «құрансөзін өзгертпей, сол күйінде қабылдау керек», «құдайға сыйынып, тыныш жүрсең олбәрін өзі бере салады» деген догмаларды жаттап алған мұсылмандар бәрін құдайданкүтіп, қол қусырып, қарап отырды. Ақыры, құдай өзі «жақсы көретін»мұсылмандарына расында да бере салды. Бірақ онысы тек май шелпек емес, отарғатүсіп, жүздеген жылдар кәпірлердің табанында жаншылу болып шықты. Қазақ тадәстүрі мен мұсылманшылығының қаймағы бұзылмай тұрған кезде осы кепті кигенболатын.

Конституция бойынша, біз зайырлы қоғам құрып жатқан ел едік. Солай болатұра, әр ауылға мешіт салдық. Кейбір ауылдарда оның бірнешеуін салдық. Кейбіррулардың мешіттері де пайда болды. Орта мектептерде ғылым негіздерін оқытудан гөрі,дінді уағыздауға басымдық берілетін болды. Қазір түрлі атаулармен енгізіліпжатқан дінді уағыздайтын сабақтарға (дінтану, теология, исламтану,тарих-дінтану) гранттар бөлу жыл сайын көбейтілуде (https://univision.kz/granty/granty-2018/1062).Гуманиарлық бағыттағы ЖОО-лардың «Хабаршылары» көлемінің 70-90 %-ына дейін текдінге қатысты материалдарды ғана жариялайтын болған. Философияға, саясатқа,құқыққа қатысты немесе әлеуметтік мәселелерді қозғайтын материалдарды қабылдамайды.

Осы бағытты ұстанудың түпкілікті себебін аңғарған кім бар? Жалпы санасынадін догмалары үстемдік еткен адамның дүниетанымы шектеулі болады. Сананымеңдеген таптаурындармен өмір сүреді. Ол ғылымнан ғана емес, саясаттан да аулақболады. Биліктен ештеңе талап етпейтін, «құдайөзі тыныш жүргенге бередімен» өмір сүретін, сауатсыз, қорқақ, бәріне енжарқарайтын, сұр массаға айналады. Бізде осы құбылыстардың бәрі бар.

«Білім берудің орнына дінді енгізуді біздің билеушілеріміз айқындаған»деген екен көрнекті орыс ақыны А.А.Фет. Жазушы А.И.Герцен дін туралы былай депті:«Дін – бұқараны ауыздықтайтын, қатардағы жұртты қорқытып ұстап тұратын бастықұрал, айналада не болып жатқанын жасыратын үлкен бүркеніш». Сөйлемдегі «айналада»деген сөзді «билік дәліздерінде» деп жазсақ, бұл афоризмнің мағынасы айшықтала түседіекен.

ҚанағатЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» мақаласынан

(Жалғасыбар)

Фото: yaplakal.com

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега