спорт

Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Әлемнің 338-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тағы Палм-Коуст ITF турнирінің финалына шықты

Фото: из открытых источников

Ол жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 440-орында тұрған румыниялық Габи Адриан Бойтанмен жолығып, 6:2, 6:0 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Дмитрий Попко финалда әлемнің 601-ракеткасы, америкалық Алекс Рыбаков немесе рейтингіде 650-сатыдағы эквадорлық Андрес Андраденің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: финал Теннис